Шымкенттегі Төлеби көшесіндегі аялдама санын азайту қырғы базарға келіп-кетушілер үшін ыңғайсыздық туғызуда. Өткен жылы қала басшылығы осы көше бойындағы әскери комиссариат аялдамасы мен Акбар базары алдындағы екі аялдаманы алып тастаған еді. Енді автобус жүргізушілері тоқтауға болмайды деген жол белгісіне қырын қараса, жолаушылар ескі аялдамаға тоқтауды талап етіп, екі жақтың келіспеушілігі туындап жатыр.
Төлеби көшесіндегі екі аялдамаға қойылған тоқтауға тыйым салынады деген жол белгісіне автобус жүргізушілері елемейтін де секілді. Себебі осындағы көлік кептелісін азайту үшін қала басшылығы аялдама арасын ұзартқан болатын. Ал ескі аялдамада жол белгісі тұр.
Сала мамандарының айтуынша, жолаушы тасымалдау қағидасына сай аялдамалардың арасы 400-ден 800 метрге дейін болуы тиіс екен. Ал Төле би көшесіндегі аялдамалардың қашықтығы 700 метрді құрайды. Ал жолаушылар аялдамаға жету үшін жүгін көтеріп, қиналатындарын айтып отыр.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 800-ден астам аялдама тіркелген. Алайда шаһар көшелеріндегі кейбір өзгерістер мен көлік қозғалысын ретеу үшін амалсыз аялдамаларға да біршама өзгерістер енгізуге тура келеді екен.
Нұрлан Күдерұлы