Түркістанда екі білім ұясы пайдалануға берілді

470
Түркістанда екі білім ұясы пайдалануға берілді

Түркістан қаласының орталығындағы Сауран шағынауданында 1933 жылы салынған, бүгінде Н.Төреқұлов атымен аталатын мектеп жанынан типтік үлгідегі 200 орынды жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Осы игі шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев мектеп ұжымы мен барша оқушыларға сәттілік тілеп, жаңа оқу ғимаратынан заман талабына сай саналы ұрпақтың тәрбиеленуіне тілектестігін жеткізді.

2016 жылы құрылысы басталған оқу ғимаратында 10 сынып бөлмесі, асхана, спорт залы мен мәжіліс залы және медпункт қарастырылған. Жобаның құны 374 млн теңгені құрайды.

Түркістанда екі білім ұясы пайдалануға берілді

Бұған дейін аталған мектептің ескі ғимараты жетіспегендіктен, кеңес тәуелсіздік жылдарына дейін жұмыс жасап келген «Жұлдызша» балабақшасының ғимараты шәкірттердің сыныбы ретінде пайдаланылып келген. Осындай орындарда тәлім алған 1179 оқушының алдағы күндері алаңсыз білім алуына толық жағдай жасалып отыр.

Түркістанда екі білім ұясы пайдалануға берілді

Бұдан соң облыс басшысы Түркістан қаласына қарасты Құмтиын елдімекеніндегі «Құлыншақ» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Құрылысы өткен жылы бастау алған бүлдіршіндердің алтын ұясы ауыл тұрғындары үшін күрделі мәселенің бірі болып келген. 1825 тұрғыны бар Құмтиын елдімекеніндегі мектеп жанындағы шағын орталықта 80 бала тәрбиеленіп келген. Енді 120 орынды типтік үлгідегі балабақша ғимараты мұндағы күрмеулі мәселенің шешіміне баланып отыр.

Түркістанда екі білім ұясы пайдалануға берілді

Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапарында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев сүт өнімдерін қайта өңдейтін «Мұзды тау» өндіріс орнының жұмысымен танысты. 2013 жылдан бері балмұздақтың 30 түрін шығаратын өндіріс орны өнімдерін еліміздің 5 облысына таратып келеді. Жалпы құны 450 млн теңгені құрайтын жобаның жылдық қуаттылығы 900 тонна өнім шығаруға жетеді. Кәсіпорын 2016 жылы 118,6 млн теңгенің өнімін өндірсе, биыл 140 млн теңгенің өнімін нарыққа шығаруды межелеп отыр. Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылған.

Түркістанда екі білім ұясы пайдалануға берілді

Тұрғындарды жұмыспен қамтып, қала экономикасының дамуына үлесін қосып отырған кәсіпорынға аймақ басшысы оң бағасын беріп, қала әкіміне шағын кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы жас азаматтарға мемлекеттен берілетін қолдауларды кеңінен насихаттауды тапсырды.

Түркістанда екі білім ұясы пайдалануға берілді

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі