Төлеби ауданындағы мектептер күзгі-қысқы маусымға толықтай дайын

756

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы білім ұяларының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Биыл облыстық бюджет есебінен Алғабас, Бірінші Мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінде оқу блогы, асхана, еңбек шеберханасы, спорт, акт зал, кітапхана құрылыстарына қаржы бөлінген.

Сондай-ақ жаңа оқу жылында алғабас орта мектебінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді
Алдағы жылы ауданда Бірінші мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру көзделіп отыр.

Айта кетейік, жалпы Төлеби ауданында 67 мектеп бар. Оның 52-сі орта, 6-уы негізгі, 9-ы бастауыш мектеп, 5-уі мектептен тыс мекеме саналса, 28-і мемлекеттік балабақша, 19-ы жекеменшік балабақша, сондай-ақ 21 шағын орталық пен 2 кешкі мектеп жұмыс істейді.

«Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен биыл ауданынмыздағы 4 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Шомшақты орта мектебінің спорт залының төбесін жабу, №3 орта мектебіндегі газ қазандығын ауыстыру, №2 орта мектеп ауласына асфальт төсеу, Мәдени орта мектебінің сыртын сылау жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, 67 мектептің оқу ғимараттары әктеліп, боялып, оқу жабдықтары жөндеуден өтті», — дейді аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов.

Биыл сондай-ақ аудандағы 44 мектепке 5133 дана парта орындығымен және 144 дана тақта алуға аудандық бюджеттен қаржы бөлініпті. Аудандағы 67 мектептің 66-сы автономды жылыту жүйесімен, ал Тағайна орта мектебі пешпен жылытылады. 37 мектеп көмір, 31-і сұйық отын пайдаланады. Қажетті көмір мектептерге тасылып, арнаулы қоймаларда сақтаулы тұр.

Облыс әкімінің мектептердегі жылыту жүйесін сығымдаудан өткізу тапсырмасы да ойдағыдай орындалған. Айталық, 67 мектептің жылыту жүйесі сығымдаудан өткізіліпті.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі