«Таза қала» акциясының жеңімпаздары марапатталды

1414

Шымкенттің ең таза ауласы белгілі болды. Тазалықтың жаршылары қомақты қаржыға ие болды. «Таза қала» акциясының қорытындысы бойынша «Таза аула», «Таза көше» номинациялары бойынша үшінші орын алған үй- көшелердің төрағалары мен төрайымдары бірінші болып, марапатталды. Акцияға қатысуға ниет білдіргендердің қатары жылдан жылға артып отыр. Биыл 400 өтінім түсіп, тазалықтың жаршысы екенін мәлімдеген. Олардың 101 өтініші Абай ауданындағы аула, көшелерден, Әл Фараби ауданынан 94, Қаратау ауданынан 85, Еңбекші ауданына 81 өтініш түсіп, байқауға қатысуға ниет білдіріпті.

 

«Таза қала» акциясының жүлде қоры 4 млн теңгені құрады. «Таза аула» номинациясында бірінші орынды иеленген төрт ауданның жеміпаздарына қала әкімдігінің арнайы дипломымен 200 мың теңге табыс етілді. Екінші орынға -150 мың теңге, 100 мыңге көлеміндегі сертификат үшінші орынды иеленген жеңімпазға бұйырды. Қомақты сыйлық аула көшелердің тұрғындарына табысталды. «Үздік аула» номинациясында жеңіске Абай ауданына қарасты Қатынкөпір шағынауданындағы Молдабаев көшесінің тұрғындары жетті.

Азаматтық Альянс қауымдастығы мен Шымкент қаласы әкімдігінің бірлесе ұйымдасатырған Таза қала акциясына биыл учаскелік полиция қызметкерлері, кәсіпкерлермен бірге мектеп оқушылары да тартылды. Қаланы көркейтуге бағытталған игі бастаманы өскелең ұрпақ жалғастырса, Шырайлы Шымкент шаһары еліміздің үшінші мегаполисіне айналатынына сенім мол.

Таза қала акциясына қатысып өзгелерге үлгі болған белсенділердің қатары жылдан жылға артып келетінін қуантарлық жәйт. Егерде әрбір тұрғын аула, көшесінің күтіміне көңіл бөлсе Шымкентіміздің келбеті ажарланып көркейе түсетіні сөзсіз дейді бастаманы қолдаушылар. Шымкенттің бұл үлгісін өңіріміздің өзге де аудандары мен елдімекендері ғана емес еліміздің аймақтары да қолдаса Туған жеріміздің көркі әсем болмақ.