Жолаушыларға көрсетілетін қызметке нақты баға беретіндер — сапарға жиі шығатындар. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметіне жиі жүгінетін азаматтар жолаушыларға көрсетілген қызметті салыстыра алады. Мысалы, Шымкенттегі теміржол вокзалы аумағында бірнеше жылдан бері жабық перрон жоқ. Шатыры болмаған соң тұрғын мен қонақтар жауын-шашында су болып, қар жауғанда ыңғайсыздықтарға тап болады. Бірақ, жағдай түгелімен іске алғысыз емес. «Магистралды жол тораптары» мекемесінің Шымкент бөлімшесі филиалы вокзал ғимаратында біршама жаңашылдықтар енгізіпті.
Вокзал ғимаратына кіреберісте орнатылған арнайы құрылғы жолаушыларды тексереді. Бұрын мұнда коммерциялық нысандар толы болатын. Бүгінде кеңейіпті. Бірақ 3 миллионнан астам халқы бар Оңтүстік өңірі үшін бұл вокзал тарлық ететіндей. Тағы бір жаңалық — перрондағы тозығы жеткен жол бетондалыпты. Жолаушылар демалатын орындық көбейіген. Алайда бұл да жеткіліксіз. Шымкент-Түркістан бағытында қатынайтын электрлі автобус бізге қолайлы болды дейді ауылдағы ағайын.
Жаңашылдық демекші, ғимараттың бірінші қабаттағы су жаңа әжетханалардың тазалығы қуантты. Вокзалда бүгінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да арнайы жағдай жасалған. Былайғы қала тұрғындары үшін кіру 50 теңге болса, қолында пойызға билеті бар жолаушылар үшін — тегін. Дегенмен, екінші қабаттағы ана мен балаға арналған бөлме талаптарға сай келмейтіні бірден байқалады. Мұнда бала ойнауы былай тұрсын жүруі қиынға түседі. Жолаушылардың айтуынша, бұл жер қонақ үйі ретінде пайдаланылатын көрінеді. Ал қарама қарсы бетте әжетхана орналасқан. Осындағы күту залы әлеуметтік желі пайдаланушыларының сын-ескертпелерінен кейін өзгеріпті. Мұнда 2009 жылы жөндеу барысында орнатылған желдеткіштер істен шығып, орнына су жаңалары орнатылыпты. Терезелерге жалюзилер ілінген. Алайда залда қатар орналасқан кассалардың арасынан «Қазақстан теміржолы АҚ» кассасын табу қиынға соғады.
Вокзалдың жұмысына қадағалау бар ма дейді көп жылдары салада еңбек еткен теміржолшы. Ал вахталық тәсілмен жұмыс жасайтын жерлесіміз билетті сатып алу мұңға айналғанын тілге тиек етіп, бұл күрделіктің шешілмей келе жатқанына наразы.
Сонымен, Шымкентке алғаш рет келген жолаушының көзі вокзалдың алдындағы мына сағат орнатылған нысанға көзі түсетіні анық. Және Шырайлы Шымкент жайлы көзқарасы дәл осы вокзалдан, ондағы жолаушыларға жасалған жағдайдан түзілетіні анық. Сондықтан өңір тұрғындарының облыс пен қала басшылы осы маңызды нысанға бұрынғыдан да көбірек көңіл бөлсе деген тілегі бар.