Тараз қаласындағы қонақүйлердің бірінен «өзін өзі ұрлаған» әйел қолға түсті. «Сахналық қойылым» әу баста жоспарланған болып шықты. Кентау қалалық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын өзіне әлдекімдердің қоңырау шалып, әйелін ұрлап кеткендіктерін, егер оны тірі көргісі келсе 3 000 000 тг беруі қажеттігін ескерткендерін айтып арызданған.
Полиция бөлімшесінде арнайы топ жасақталып оған ең тәжірибелі ізшілер мен жедел қызметкерлер жасақталды.Тәртіп сақшыларының алдында аса қауіпті қылмысты ашу мақсаты тұрды. Кейіннен белгілі болғанындай әйел өзінің ұрлап кету операциясын жоспарлағаны анықталды.
Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 419 бабы яғни, «Жалған ақпарат беру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Әйел бұл қадамға қарызының көбейіп кеткендігінен барғандығын мойындады. Түркістан қаласында қаржы пирамидасын құрамыз деп өз таныстарынан көп мөлшерде ақша алған. Оны өз қажеттілігіен жаратып жіберген. Арада аз уақыт өтпей таныстары ақшаларын қайтаруын сұрай бастаған. Бұдан күйеуінен ақша талап ете отырып құтылмақ болған. Алайда жоспары жүзеге аспай, басы дауға қалып отыр.