21 қазан түнгі сағат 23:40 шамасында Шымкент қаласы Қаратау полиция бөліміне Азат шағынауданы Жаңа құрылыс көшесінің бойында белгісіз ер кісінің денесі табылғаны туралы хабарлама тіркелген. Шамамен 45 жастағы ер кісі дене жарақатының салдарынан қайтыс болған.
Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы мен Қаратау аудандық прокуратурасының жұмыс тобы келген. Тергеу барысында анықталғаны, 1976 жылы туған Ж.М. деген азамат пен 1973 жылы туған Қ.Е. бірге алкогольді ішімдік ішкен. Екеу ара әңгіме кикілжіңге ұласып, төбелес соңы адам өлімімен аяқталады.
Мас халдегі Ж.М бөтелкелес көршісі Қ.Е-ге пышақ жарақатын салып өлтірген. Оқиға орнында мәйіттің денесін қарау барысында марқұмның арқа тұсынан пышақтың үш жарақаты анықталды. Күдікті Ж.М-нің үйінен асхана пышағы айғақты зат ретінде алынды.
Аталған оқиға бойынша қылмысты процессуалдық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, процесс прокуроры тағайындалды. Мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалған.