Депутаттар бюджет қаржысының орындалуын нақтыладыЖаңалықтар 

Депутаттар бюджет қаржысының орындалуын нақтылады

Құрылыс саласында бюджеттен бөлінген қаржының игірілмеуінің алдын алу мақсатында қысқартулар жасалуда. Жылдың соңында әдетке айналған бұл үрдіс депутаттарды мезі еткен. Бүгін облыс мәслихатының аумақтардың дамуы және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісінде дәл осы мәселе көтерілді.

Бюджетті нақтылауда жоба мақұлданса, табиғи газбен қамту бойынша 7 нысанның құрылысына қаржы бөлінеді. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 3 нысанның құрылысын жалғастыруға және екі нысанның құрылысын аяқтауға 915 млн теңге қарастырылуда.

Облыс мәслихатының аумақтардың дамуы және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісіне жиналғандар екі мәселені талқылады. Халық қалаулылары үш жылға арналған бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келгенде тартысып қалды.

Айта өтейік, облыс бюджет көлемі 4,7 млрд теңгеге ұлғайды. Қаржы білім беру саласын дамытуға және денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілді. «Өрлеу» жобасы арқылы аз қамтылған еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді түріне тарта отырып, шартты қаржылай көмек беруге де қомақты қаражат бөлінді. Алайда қысқартылатын қаржы да жетерлік.

Осы тұста депутаттар игерілмей қалу қаупі салдарынан қысқартуға ұсынылған сомаларға қатысты сын-ескертпелерін айтты.

Тендерді өткізу ережесіне де қатысты халық қалаулылары өз пікірлерін білдірді. Сын айтсақ, бекер емес, өзіміз кәсіпкер ретінде тендер барысындағы күрделіктерге тап болудамыз дейді олар.

Облыс әкімдігінің өкілдері ұсынысты қабыл алып, ол бағытта жұмыс атқаратындарын мәлімдеді. Және де бюджет қаржысын мақсатты, мерізімінде жұмсауда кемшіліктер жіберген жауаптыларға қатысты қатаң шара көрілетін болды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz