Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық сотына жаңа төраға тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қазан күнгі жарлығымен Еңбекші аудандық сотының төрағасы болып Сұлтанов Айдос Едігеұлы тағайындалды.
Айдос Едігеұлы бұған дейін Түлкібас аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған. 1978 жылы туған, Сайрам ауданының тумасы. Қостанай мемлекеттік заң институтын 2000 жылы тәмамдаған. Еңбек жолын ішкі істер органдары қатарында бастаған. 2008 жылдан бастап Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметін атқарды.