ОҚО әкімі ирандық делегациямен кездесті

269

Қазақстанның Тәуелсіздігін алғашқы мойындаған Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастығымыз нығаюда. Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Хорасан Разави провинциясының губернаторы бастаған бір топ ирандық делегацияны қабылдады. Екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынас сауда экономикалық, инвестициялық бағытта және ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларында байланыс артады.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ирандық меймандарға Оңтүстіктің әлеуетін кеңінен таныстырды. 3 миллионнан астам халқы бар өңірде құрылыс, ауыл шаруашылығы, тоқыма, химия, уран өндіру бағытында елеулі жетістіктерге жетіп отырғанын жеткізді. Өңір басшысы биыл екі ел яғни Иран мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толғанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде Хорасан Разави провинциясының губернаторы Алирез Рашидиан Оңтүстік өңірімен тығыз байланысты дамытуға дайын екенін жария етті. Иран — дамыған индустриалды-арграрлы ел. Елді мұнай-газ саласы мен ауыл шаруашылығы алға сүйреп келеді. Екі аймақ арасындағы әріптестік дәл осы ілгері салада нығыз болмақ. Губернатордың мәлімдеуінше, Хорасан провинциясының өзіне жылына 20 млн-ға жуық туристер келеді екен. Осыған орай, делегация құрамында әуежай желісінің басшысын да ала келіпті. «Кедендік рәсімдеуді оңтайландырсақ қатынау мәселесі де шешімін табады», — дейді іскер Рашидиан мырза.

Алиреза Рашидиан, Иран Ислам Республикасының Хорасан Разави провинциясының губернаторы: «Бүгінгі жылы қабылдауларыңызға иран халықы атынан алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Екі ел арасындағы ынтымақтастық нығайту мақсатында бүгін біз ұсыныстарымызды дайындап келдік. Бізде құрылыс заттары гипс, сыр бояу, құбырлар, керамика бұйымдары, кілемдер жеміс жидектерді экспорттай аламыз. Сондықтан да бірінші ұсынысымыз бірккен кәсіпкерлік палатасын құру. Ол екі елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға жол ашады. Сонымен қатар біз Алматыда техникалық парк құрып, көрмелер өткізуді дәстүрге айналдырдық.Бұл бағытта да тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», — деді.

Кездесудің соңында меймандарға естелікке сыйлықтар табыс етілді. Сосын ирандық делегация Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан Көрме орталығына барып, жергілікті және ирандық тоқыма бұйымдарын тамашалады. Екі күндік сапар барысында Иран делегациясы өңірдегі индустриалдық аймақта орналасқан кәсіпорындарды аралап, бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуге қатысады.