Облыс прокуроры шетелдік жазасын өтеушілерді қабылдады

288

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Нұрғабыл Әбдіров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды күн тәртәбінен түсірген емес. Бұл жолы прокурор 167/3 түзеу мекемесінде болып, жазасын өтеушілердің талап-тілегін тыңдады.

Жеке мәселелер бойынша облыс прокурорының қабылдауы бұл түзеу мекемесінің тарихында алғаш рет өткізілді. Қабылдау жабық жағдайда өтті. Бірақ кейбір жазасын өтеушілер журналистердің қатысуына қарсылық танытпады.

Жазасын өтеушілердің бірі Нвоке Экендеричукву Шымкент түрмесінде алаяқтығы үшін жазасын өтеуде. Орыс және қазақ тілдеріндерін аздап үйреніп те алыпты. Бірақ толық тіл түсінісу үшін аудармашы қажет болды. Аудармашы да табыла кетті.

Нвоке жаза мерзімінің қалғанын өз елінде, Нигерияда өтегісі келеді. Халықаралық ұйымдарға өтініш те жазған. Бірақ әлі жауап күтіп жүр.

Облыс прокурорының орынбасары Туғанбаев шағымданушылармен емін-еркін ағылшын тілінде тілдесті. Нвоке Экендеричук және оның серігі Оба Жозефат түзеу мекемесінде тігіс тігуді меңгерген. Футбол ойнап, қазақ және орыс тілін үйреніп жүр. Бірақ туған жерін сағынған. Сондықтан үйлеріне оралғысы бар. Ол өтініштері қаралатын болды.

Ермек Әйтімов, ОҚО прокуратурасының басқарма бастығы: «Бүгін облыс прокуроры жазасын өтеушілерді қабылдады. Барлық өтініш шағымдар бақылауда болады. Заң шеңберінде жауап беріледі.»

Жазасын өтеуші азаматтардың да құқықтары бар. Заң шеңберінде олардың құқығын қорғау қадағалаушы органның міндетінде деп атап өтті прокурорлар.