Шардарада армрестлингтен аудан біріншілігі өтті

396

Бүгінде Шардара ауданында спорттың армрестлинг түрі жоғары деңгейде дамып келеді. Ауданның мықты спортшылары аталған спорт түрінен әлемдік додаларда жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Әрі аудан жастарының спорттың осы түріне деген қызығушылықтары алабөтен.

Жуырда Шардара ауданындағы Қоссейіт ауылында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты ұранымен жасөспірімдер мен ересектер арасында армрестлингтен аудандық біріншілік өтті. Аталған спорт сайысын аудандық  балалар және жасөспірімдер атлетизм спорт мектебі ұйымдастырды. Бұл жарысқа аудандағы барлық елді-мекендерден 250 – ден астам спортшы қатысты.

Жарысқа кіл мықтылар қатысқандықтан аса тартысты өтті. Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткен жарыста шын мықтылар жеңіске жетті. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшылардың қатары да мол.

Жасөспірімдер арасында Тұрлыбек Ерасыл І орын, Қайназар Еркебұлан ІІ орын, Көшербай Нұрғиса ІІІ орынды иеленсе, 35 келі салмақ дәрежесінде Ахмет Айдос І орын, Алдан Сүндет ІІ орын, Мəлікайдар Оразәлі ІІІ орынға көтерілді. Бұдан бөлек қыздар және ересектер арасында да жеңіске жеткендер көп. Жарыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және медальдармен марапатталды.