Шымкент әкімдігі мамандарының жұмыс кестесі өзгерді

270
Депутаттар Шымкент әкімінің есебіне оң баға берді

Шымкент әкімдігі мамандарының жұмыс кестесі өзгерді. Қалалық әкімдіктің ішкі өкімі бойынша 2017 жылдың қазан айынан әкімдік бөлімдерінің жұмыс кестесі өзгеріп отыр.

Енді жұмыс күні таңғы сағат 08:30-дан басталып кешкі сағат 18:00-ге дейін созылады. Түскі үзіліс — 13:00-ден 14:30-ға дейін. Еске салайық, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бұған дейін мемлекеттік қызметкерлердің де отбасылары бар деп, олардың жұмыс күнінің кестесін қайта қарауды бірнеше рет көтерген болатын.

Қоса кетейік, мемлекеттік қыз көрсету регламентіне сәйкес, мекемелер 13:00-ге дейін жұмыс істеп, 14:30-да қызмет көрсетуді қайта жалғастыруы тиіс. Айта кетейік, жаңа жұмыс кестесі шұғыл қызметтерге қатысты емес.

— Жаңа жұмыс тәртібіне ауысу — жұмыс уақытын тиімді пайдалануға арналған ауқымды бағдарламаның алғашқы қадамы ғана. Бұл кезеңдегі біздің мақсатымыз — қызметкерлерге жұмыс уақытының әр минутын тиімді пайдалануға үйрету. Ал қалған жаңашылдықтар туралы сәл кейінірек толық айтып береміз. Ең бастысы — осының нәтижесінде әкімдіктің барлық қызметінің жұмысы едәуір жақсарады, — деді қала әкімі аппаратының жетекшісі Рашид Аюпов.