Шымкент-Ташкент дәлізіндегі жаңғырту жұмыстары талқыланды

387

Шымкентте қазақ-өзбек кеден қызметтерінің өкілдері кездесті. Басқосуда Шымкент-Ташкент дәлізі аясында шекараны үйлестіру мәселесі талқыланды. Екі тарап бақылауды оңтайландырып, кедендегі кейбір кедергілерді жою турасында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, бизнес өкілдері қатысып, ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстан және Өзбекстанның кеден қызметтері келешекте кедергісіз жұмыс істейді. Бақылауды күшейткенімен тараптар түрлі тексеріс жүргізіп, келушілердің мазасын алмайтын болады. Арнайы жол картасы жасалып, ақпараттармен алмасу да жолға қойылады.  Бұл Шымкентте өтіп жатқан басқосуда айтылды.  Тараптап бір шешімге келіп, нәтижелі жұмыс жасайтындарына сенімді.

Асхат Исахов, ОҚО мемлекеттік кірістер департаменті тарифтерді реттеу басқармасының басшысы: «Барлық жағдай жолаушыларға, халыққа қызмет көрсету ғой. Соны жақсарту мақсатында. Сол себепті кеден бекеттеріндегі реконструкция яғни қайта құрылыстарды бастау. Оны екі жақпен келісіп істемесек болмайды. Біз келешекте не істейтінімізді баяндадық.

Ал Өзбекстан жағынан істеліп жатқан жұмыстар жайы айтылды.   «Қонысбаев» кеден бекетінің құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр. Ол іске асқанда әр шығысқа-кіріске төрт жолақты кеден бекеті болады. Бұл жолаушыларға , жүк тасымалы көлігіне ыңғайлы жағдай жасалады. Және де шекара арқылы өту уақытының қысқаруына да өз ықпалын тигізеді. Осындай құрылыстар бүкіл кеден шекараларында болады деп жоспарлап жатырмыз. Оның бәріне комитет тарапынан жұмыс жүргізіліп жатыр.Сол себепті де өзбекстандық әріптестерге айтып жатырмыз. Олар да өз тарапынан жұмыстарын жүргізіп жатыр».

Кездесуде құжаттарды екі жақпен бірдей қабылдау қажеттілігі көтерілді. Кеденшілер шекарадан өтуді жеңілдетіп, жылдамдатуға қол жеткізудің жолдарын қарастырды. Ұсынысқа өзбек тарапы қарсы емес. Қайта жолаушылардың шекарада жоғалтатын уақытын қысқартуды көздеп келіпті. Айтуларынша, екі елдің Президенттері жасасқан мәміледен соң азаматтарға жағдай жасалып жатқанын айтты.

Ұлықбек Рахматов, Өзбекстан кедендік бақылау комитеттінің бас инспекторы: «Бұл кездесу бірінші және соңғысы емес. Екі ел арасында талай келіссзз жүргізіліп келеді. Осындай шаралар арқылы өзімізді қызықтырған өзекті сауалдарымызды шешіп келеміз. Бір-бірімізбен пікір алмасып, ақпарат аламыз. Нәтиже шығарамыз. Мысалы, соңғы алты айда өзбек шекарасында айтулы өзгерістер орын алды. Екі елдің сауда айналымы жақсарып, кеденнен өтіп жатқан жүк көліктері жіті қадағаланады. Оларды рәсімдеу жеңілдетіліп, бұрын соңды кездесіп келген кедергілер жойылып келеді».

Айта өтейік, маңызды шараны Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы ұйымдастырған. Қазақстанда 2017 жылдан бастап іске асырылып келе жатқанқан GIZ бағдарламасы Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін оңайлатуға арналған. Яғни, мемлекеттер кеден органдарында тәуелді басқару жүйесін жақсарту, көліктің және транзиттік рәсімдерін оңайлату бойынша шараларын іске асырады.

Ерлан Байділдиев, ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:  «Екі мемлекеттің кеден органдарын кездестіріп, қандай мәселелері бар екен, қандай сұрақтар туындап жатқанын талқылап, солар бойынша сыртқы экономикалық қатынасқа қатусышыларға жеңілдіктер қарастыру бойынша және осы халықаралық сауда қатынастарын ығайтуға жасап отыр.  Кеше екі елдің кеден органдары бір-бірімен кездесті. Бүгін бизнес қауымдастығымен кездесу ұйымдастырылып отыр.  Бүкіл сұрақтар бойынша мәліметтер жиналады. Сосын олар талданып, келесі кездесулерде шешімдер қабылданады.  Негізінде барлық істеліп жатқан шара кәсіпкерлердің болсын, жәй жолаушылардың болсын ара-қатынасын жеңілдету үшін істеліп жатқан шара».

Айтпақшы, қазақ-өзбек кеденшілері басқосқан жиынға бизнес өкілдері де қатыстырылды. Олар сауда саясатын қалыптастырып, жаңа стартегияларды жүзеге асыруға дайын. Әсіресе, Шымкент-Ташкент дәлізі аясындағы шекарадан өтуді оңтайланғанын қалайды. Ол үшін әзірленіп жатқан жаңғырту бағдарламасын да қолдайды. Егер айтылған ұсыныстар жүзеге асса сауда-саттық еселеніп өсетініне сенімді.