Шымкентте қазақ-өзбек кеденшілері кездесті

421
Шымкентте қазақ-өзбек кеденшілері кездесті

Жақын күндері Мақтаарал ауданында орналасқан «Сырдария» және «Целинный» шекарадан өткізу пункттері ашылады. Қазақ-өзбек шекарасында орналасқан 6 кедендік бекеттің бүгінде екеуі тәулік бойы жұмыс жасап тұр. Енді алдағы уақытта осы бекеттердің барлығы дерлік 24 сағат қызмет көрсететін болады деген жоспар бар. Бұл туралы Қазақстан мен Өзбекстанның кедендік қызмет өкілдерінің кездесуінде талқыланды.

Екі елдің Президенттерінің көктемдегі ресми кездесуінен кейінгі ілкімді ілгерілеу – бүгінгі екі елдің кедендік қызмет өкілдерінің кездесуі. Енді Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы алты кедендік бекеттік барлығы да тәулік бойы жұмыс жасайтын болады. Бүгінгі екіжақты мәмілеге келген мәселелердің бірі осы.

Былтырмен салыстырғанда биылғы жарты жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар алмасу көлемі 35-40 пайызға өскен. Бұл, әсіресе, ОҚО-на қатысты. Экспорттау және импорттау жағы да артқан. Көрші елден келген делегация өкілдері осылай деді.

Екі ел арасындағы барлық сала брйынша қарым қатынасымыз нығайып, жанданып келеді. Бұл – екі ел президенттерінің көктемдегі кездесуінің нәтижесі. Бұл тарихи оқиғадан соң жаңғырудың жалғасы бүгінгі екіжақты кедендік келісім десек те болады.

ОҚО аумағындағы кедендік бекеттерден күніне 400-ден аса автокөлік өтеді. Екі жақты келісімнен соң бұл көрсеткіш 1000-ға жетпек. Сондай-ақ, Мақтааралдағы екі кедендік пункт жұмысын қайта жаңартатын болады. Бұл да бүгінгі екі жақты кездесудің жемісі.

Жанар Есенбекова