Шымкентте қоғамдық көлікке қатысты рейд жүруде

«Қоғамдық көлік — қатаң бақылауда!» Шымкентте екі күннен бері өтіп жатқан полиция рейдінің ұраны осындай. Жергілікті полиция қызметкерлері мен әкімдік мамандары бірге жолаушылар көлігін тексеруге шықты. Оның алғашқы нәтижелері де жоқ емес.

Қырғы базар, кешкі қарбалас. Осыдан біраз уақыт бұрын жүргізушілердің көбісі бұл жерді айналып өтетін. Оған себеп — қоғамдық көлік пен жеке көліктер араласып, кептеліс болатын да жататын. Енді, міне, екі тәулік болды — жергілікті полиция қызметінің бірнеше экипажы осынау күрделі учаскеде кезекшілікте тұр.

Рейд басталғаннан құқық бұзушылықтар анықтала бастады. Мысалы, № 4 бағыттағы көлік жол жүру ережесін бұзды. Ал көліктің ішін қарау барысында тағы бірнеше тәртіп бұзу фактісі анықталды. Оның арасында әлдеқашан тыйым салынған жүргізуші кабинетіндегі перде де бар.

Жеңіл көлік жүргізушілері мен жолаушылар полицейлерді қолдайды. Дегенмен, осындай рейдтен соң барлығы өз орнына қайтып келеді дейтін адамдар да бар. Ал қалғандары нәтиже болатынына сенеді.

Ал № 58 бағыттағы автобустың жүргізушісі өзін тым пысықпын деп санайды дейді полицейлер. Оған себеп — жүргізуші жолаушы тасымалдауға ешқандай құжатсыз шыққан. Соның нәтижесінде автобус ақылы айып тұрағына жіберіліп, жүргізушінің үстінен хаттама толтырылды.

Мұндай рейд қала бойынша аптаның соңына дейін созылады дейді полицейлер. Сондықтан, тәртіп сақшылары баршаны жолда жүргенде сақ болып, жол жүру тәртібін сақтауға шақырады.

https://www.youtube.com/watch?v=2xqUjhOQKNs