Шымкентте 4 облыстың салықшылары бас қосты

242
Шымкентте 4 облыстың салықшылары бас қосты

Шымкентте Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы мен ұлттық экономика министрлігі, мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары бірігіп, өңіраралық көшпелі семинар өтіп жатыр. Алматы, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл облыстарының салық төлеушілері бас қосқан жиында жаңа салық кодексінің жобасы таныстырылып, талқыға салынды.

Жаңа салық кодексі салық салу идеологиясын өзгертіп, салық төлеушілерді қорғау мен экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға бағытталған. Өз кезегінде бұл азаматтарды салықты өз еркімен төлеуге ынталандырмақ. Сондай-ақ салық төлеушіге салық органдарының түсіндіруіне сәйкес әрекет еткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды қолданбау ұсынылуда.

Салықтық тексеру актілерінде тиісті негіздемелердің болуы көзделген. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің өркендеуіне сеп болмақ десті жауаптылар. Айта кетейік, елімізде әрекетсіз 133 мың салық төлеуші бар. Енді жаңа заңнама бойынша бес жыл уақыт бойында әрекетсіздік танытқан салық төлеушіні мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтату қолға алынбақ.

Парламент мәжілісінің қарауында жатқан жаңа салық кодексінің жобасын талдауды жауаптылар Оңтүстіктен бастапты. Салық төлеушілердің басым бөлігі осы өңірде. Бірінші кезекте бұл құжат салық салу идеологиясын өзгертіп, оны төлеушілерді қорғау мен экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға бағытталған. Өз кезегінде бұл азаматтарды салықты өз еркімен төлеуге ынталандырады. Комитеттің 20-дан астам өкілі арнайы келіп, кәсіпкерлермен бетпе бет жүздесіп, кері байланысқа шығуда жөн көріпті.

Жаннат Ертілесова: «Кәсіпкерлермен кері байланыс — басты мақсатымыз. Көкейлеріндегі сұрақтарға жауап іздеп, мәселелерге қанық боламыз деп түйдік. Салықтық әкімдеуде өзгерістер жоқ десе де болады. Салық саясатта өзгерістер көп. Көбінде шетелдік инвесторларға, жер пайдаланушыларға қатысты.»

Сондай-ақ, салық төлеушіге қатысты қандай жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды қолданбауға болатыны да осы жиында сөз болды. Салықтық тексеру актілерінде тиісті негіздемелердің болуы шарт. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің өркендеуіне сеп болады.

Айта кетейік, елімізде салық төлеуге салғырт қарайтындардың қатары 133 мыңдай екені анықталған. Енді жаңа заңнама бойынша, бес жыл бойында әрекетсіздік танытқан салық төлеушінің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату жүйесі қолға алынбақ.

Жаңа салық кодексінің жобасы бір ай көлемінде еліміздің барлық өңірлерінде талқыға салынады. Оңтүстіктен басталған семинар міндетті түрде шығыс пен батысты, солтүстікті де қамтиды дейді ұйымдастырушылар.