Жергілікті полиция қызметі Шымкентте «Арқан» деп аталатын рейдті қолға алды. Қаратау ауданы бойынша бір тәуліктің ішінде 20-дан астам жол жүру ережесін бұзғандар анықталды. Олардың дені жүргізуші куәлігінсіз жүргендер, құжаттарының жарамды уақыты өтіп кеткендер, мас халде көлікті тізгіндейтіндер.
Алдымен рейдті Қаратау ауданы бойынша жергілікті полиция қызметінің жұмыс тобы бастады. «Арқан» жобасын жүзеге асыруға кіріскен патруль жасағы дендросаябақ пен Қонаев көшесін аралап шықты. Дәл осы жерлерде көлік жүргізушілер жол ережесін бұзып, тыйым салынған орындарды тұраққа айналдырып алады екен.
Ережені өрескел бұзатындардың дені — жас жүргізушілер. Куәліксіз көлік айдау, мерзімі өтіп кеткен құжаттар, мас күйінде көлік жүргізу. Полицейлер заң бұзушылықтарға айыппұл салынатынын ескертеді. Ал тәртіпке бағынған құл болмайтынын түсінетіндер мұндай шараларға түсіністікпен қарайды.
Ержан Ахинов, Қаратау ауданы бойынша ЖПП рота командирі: «Жол тәртібін бұзып жатқандардың қатары көп деп айта алмаймын. Бірақ жіті мұқият жұмыс істеу қажет. Қаратау ауданында рейд барысында 10 экипаж жұмыс істейді. Түнде одан көп. Жүргізуші куәлігінсіз жүрген 20 оқиға тіркелді. Жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз.»
Тыйым салынған жерден өту, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кету. Жол көлік оқиғасының орын алуына тікелей себепкер жаяу жүргіншілердің де қатары азаймай отыр.
Жергілікті полиция қызметінің күшейтілген жұмысы апта соңына дейін жалғасады. Одан соң жағаны жайлау етіп, жол ережесіне мұқият болу қажет болмайды деп ойлап қалмаңыз. Тәртіп сақшылары жыл он екі ай жіті бақылауды күшейткен.