Шымкентте балалар алаңшалары ашылуда

539
Шымкентте балалар алаңшалары ашылуда

Елбасының бұқара халықтың демалуына және спортпен шұғылдануына жағдай жасау туралы тапсырмасы жергілікті жерлерде жүзеге асырылуда. Соның бір дәлелі — өткен демалыс күндері Шымкенттегі Еңбекші ауданында балалар және спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Құрылысты жүргізген «Жедел құрылыс» серіктестігі мен аудан әкімдігі тұрғындар ел игілігіне тапсырылған бұл нысандарды күтіп ұстайды деген сенімде.

Аймауытов көшесіндегі абаттандырылған аулаға жиналған қауым жаңа балалар алаңшасында ойнаған ұл-қыздарының қуанышын тамашалауда. Үлкендер қолайлы орындықтарға жайғасса, балалар жағы әткеншек, сырғанақ теуіп, мәз-мейрам. Тапсырыс беруші — Еңбекші ауданы әкімінен бастап мамандары, құрылысты жүргізген «Жедел құрылыс» серіктестігінің ұжымы тұрғындардың ұсыныстарына құлақ асып, өз өтініштертерін де білдіруде. Ең бастысы, ауланың келбетіне көрік берген балалар талаңшасын сындырмай, күтіп-ұстау. Бұл міндет енді тұрғындардың өздеріне жүктеліп отыр.

Салтанатты іс-шара Күншығыс шағынауданында жалғасын тапты. Балалардың қуанышында шек жоқ. Енді доп теуіп, спортпен шұғылданатын болса, алысқа бармай ауладағы бой көтерген спорт алаңшасында шынығады.

Спорт алаңшасын «Жедел құрылыс» серіктестігі салған. Мердігер тамызда бастаған құрылысын мерзімінен бұрын қыркүйекте аяқтап үлгерді. Бұл мақсатта қала бюджетінен 16 млн теңге бөлінген. Өңірдегі игі бастамаларды қолдаған серіктестік бұл жолы да бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаға арнайы сыйлық әзірлеп қойыпты.

Шымкентте балалар алаңшалары ашылуда

Талғат Бейсенов, «Жедел құрылыс» ЖШС директоры: «Бұл — біздің бірінші құрылысымыз емес. 2008 жылдан бері 25-ке жуық әлеуметтік нысандар мен күрделі құрылысты жүргізіп, тапсырдық. Біз сапасына аса көңіл бөлеміз. Егер екі жыл кепілдік мерзімінде ақаулар шықса, онда барлығын өз есебімізден реттейміз.»

Бұқара халықтың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалып, Елбасының тапсырмасы жергілікті жерлерде жүзеге асырылуда. Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан аудан әкімі 2014 жылдан бері осындай 25-ке жуық алаңша пайдалануға берілгенін атап өтті. Алайда, өкінішке қарай, тұрғындардың өз мүлкіне салғыртығы сол — нысандардың бір бөлігі қирап жарамсыз күйге түскен дейді аудан әкімі.

Биыл Еңбекші ауданында бұдан бөлек Тәукехан даңғылындағы 160 балалар алаңшасын орнатуға және аббаттандыруға бюджеттен 32 млн теңге бөлінген. 19 млн-нан астам теңге спорт алаңшаларының құрылысына қалалық бюджеттен қарастырылған. Айта кетейік, 15-шағынауданның №3 үйінің ауласынан да замануи спорт алаңшасы бой көтерді. Бұл игі бастама келер жылы да жалғасын таппақ.