Шымкент қаласындағы банктердің бірінде «дабыл түймешесі» қағылды. Арада бірнеше минуттар өткен соң Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп жетті. Банк қызметкерінің сөзіне қарағанда, ғимаратқа бетіне бетперде киген белгісіз біреу еденге «жарылғыш пакет» тастап, түтін шығарып, балтамен қорқытып, ақша беруін талап еткен.
Белгісіз азамат кассадан 16 000 000 теңге, 23 000 АҚШ доллары және 8 500 ресей рублін алып кеткен. Осы кезде қызметкерлердің бірі «дабыл түймешесін» басқан, алайда күдікті оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 192 б. 4 б. «Аса ірі көлемдегі қарақшылық» бойынша Әл Фараби ПБ-нің СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер күдікті азаматты анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы