Күні кеше Шымкент қ. Әл-Фараби ПБ-нің «102» пультіне мекеменің әкімшісінен букмекерлік кеңсеге тонау жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобының анықтағанындай, мекемеге белгісіз тұлғалар баса көктеп кіріп, анықталмаған қарумен кассадан ақша алып кетіп, белгісіз бағытқа бой тасалаған.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 191 бабы «Тонау» бойынша Шымкент қ. Әл-Фараби ПБ-нің СДТБТ-не тіркелді.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда және күдікті тұлғаларды ұстау бойынша барлық қажетті іс-шараларды жасауда. Келтірілген шығын анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.