Шымкентте жүрек тақырыбы кеңінен талқыланды. Еліміздің кардиолог мамандары мен Өзбекстан, Қырєызстан елдерінен келген өкілдер «Қазақстан кардиологиясы: бастапқы диагностикадан инновациялық технологияға дейін» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас қосты.
130-ға тарта делегат жиналған диалог алаңында көрші мемлекеттерде және республикалық, өңірлік орталықтарда қанайналым бойынша енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар ортаға салынды.
Жан-жақтан келген делегаттар өңір кардиологтарының жетістіктеріне тәнті. Бүгінде Еуропа елдерінде қолданылатын тың операцияларды іске асырып отырған күнгей дәрігерлері өңірде жүрек ауруларынан орын алатын өлім-жітімдердің азайтып отырғанын алға тартады.