Шымкентте жоспарлы түрде жүргізілетін тұмауға қарсы жаппай егу жұмыстары басталды. Сала мамандарының айтуынша, өңірге вакцина дозалары жеткізіліп, емханаларда алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Биыл жоспар бойынша облысқа 280 мыңнан аса вакцина дозасы бөлінген. Бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 50 пайызға аз. Айта кетейік, егу жұмыстары осал топтағы азаматтар үшін тегін жүргізіледі.