Шымкенттегі автобустардың жұмысын бағалаңыз!

471
Шымкентте жолақы қымбаттамайды

Шымкент қаласындағы автобустардың жұмысын кез келген адам бағалай алады. Бұл үшін Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтына кіру жеткілікті. Сайттың басты бетінде «Қоғамдық көліктің рейтингі» баннері орналасқан.

Сол баннерді таңдаған соң қаладағы жолаушыларға қызмет көрсететін көлік компанияларының тізімі шығады. Қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бағалау үшін көлік компаниялары тізімінің жоғарғы жағындағы «Бағалау» батырмасын басу жеткілікті (сайт қолданушыларына ыңғайлы болу үшін басқа түспен белгіленген).

Шымкенттегі автобустардың жұмысын кез келген тұрғын бағалай алады

Бұдан кейін «Қаладағы қоғамдық көлікте жүретін бағыттардың жұмысына қатысты шағым» деген бөлімді таңдауға болады. Ашылған терезеде өзіңіз туралы мәліметтер мен қоғамдық көліктің бағытын, жүргізуші мен кондукторды жазасыз. Міндетті түрде көлік бағытын жазған соң жағымды немесе жағымсыз баға беріп, пікір қалдыруға болады.

«Жіберу» батырмасын басқан соң сіздің пікіріңіз қоғамдық көліктердің жалпы рейтингісінде бірден көрінеді.
Көлік компанияларының да жұмысын осылайша бағалауға болады. Бұл үшін «Бағалау» батырмасын басқан соң «Көлік компаниясының жұмысын бағалау» бөлімін таңдау керек. Ашылған терезеде өзіңіздің мәліметтеріңізді енгізіп, жалпы тізімнен жұмысын бағалағыңыз келген компания атауын таңдайсыз.

Шымкенттегі автобустардың жұмысын кез келген тұрғын бағалай алады

Қай бағыттың жұмысын тұрғындар қалай бағалап жатқанын білу үшін жалпы тізімнен көлік компаниясын таңдау керек. Бұдан соң сіз осы компания қызмет көрсететін көлік бағыттары мен олардың бағасын көруге болады.

Бұл рейтинг мәліметтері үнемі жаңартылып тұрады. Сосын апта сайын Шымкент әкімдігінің жиналысында талқыланады. 11 желтоқсан күнгі қорытынды жиналыста рейтингі ең төмен компанияға қатысты шешім қабылданады.

Сіздерді белсенді болуға шақырамыз, Шымкенттегі қоғамдық көліктің жұмысын тек біріге әрекет жасап қана жақсарта аламыз.