Шымкенттегі аялдамада ақпараттық табло пайда болды

419
Шымкенттегі аялдамада ақпараттық табло пайда болды

Шымкенттегі аялдамалардың бірінде ақпараттық табло пайда болды. Тәуке хан даңғылы бойындағы аялдамаға автобус бағыттарының жаңа сызбасы орнатылды. Оның бұған дейінгі бағыттауыштардан ерекшелігі — автобустың қай бағытқа жүретіні, аялдамаларда қанша уақыт тұратыны және қоғзалыс уақыты көрсетілген.

Шымкенттегі аялдамада ақпараттық табло пайда болды

Естеріңізге салар болсақ, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шенеуніктер бір ай бойы қызметтік көліктерін қойып, қоғамдық көлікпен қатынасын деген шешім шығарған еді. Мұндағы мақсат — қоғамдық көліктер қызметінің сапасыр арттыру. Бұл пилоттық жоба сол жоспардың алғашқы қадамы болды.

Шымкенттегі аялдамада ақпараттық табло пайда болды

Сала мамандарының айтуынша, жақын күндері тап осындай карталар қала орталағындағы өзге де аялдамаларға ілінеді. Ал бүгінгі бастама көпшіліктің көңілінен шыққан секілді.

Нұрлан Күдерұлы