Шымкенттегі көпқабатты үйлерге жылу қосыла бастады

359
Шымкентте қысқы жылыту маусымына дайындық басталды

Шымкенттегі көпқабатты үйлер жылуға қосыла бастады. 20 қазаннан 1 қарашаға дейін шаһардағы көпқабатты үйдің барлығы орталық жылу жүйесіне қосылады. Ал жылудың ақысына келсек, ол 1 қарашадан бастап есептеледі. Ал жылу есептегіш құрал орнатылған үйлерде басқаша есептеледі.

Қала әкімі жылу маусымының басталғаны туралы өкімге қол қойды. Облыс орталығында ол 20 қазаннан ресми басталады. Қазір көпқабатты үйлердің барлығында жылуға қосылу жұмыстары жүруде.

— Қазір біз үйлерді қосып жатырмыз. 20 қазаннан бастап алғашқы үйлерге жылу беріле бастайды. Біздің сервистік бригада жұмысын бастады,- деді «Қуат жылу орталығы» МКМ жетекшісі Нұрсадық Ергешбек.

Еске салайық, үйлерге жылу 20 қазаннан бастап берілетініне қарамастан жылудың ақысы 1 қарашадан бастап есептеледі. Ал жылу есептегіш құрал орнатылған үйлерде басқаша — онда жылу берілген күннен бастап есептеледі.