Жуырда Түркістан ҚІІБ-нің кезекші бөліміне банктердің бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп түскен полицейлер белгісіз тұлғалар түнгі уақытта банк ғимаратына кіріп, терминалдан 4 000 000 теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін анықтады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 4 б. «Аса ірі көлемде жасалған ұрлық» бойынша Түркістан ҚІІБ СДБТ-не тіркелді. ҚІІБ-де сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқармада қылмыстық істі анықтау мақсатында ақша ұрлығын ашуға бағытталған топ құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Кентау және Түркістан қаласының 1970 және 1988 ж.т. екі тұрғынын анықтап, ұстады. Оның бірі 47 жастағы ер азамат банкте күзетші болып жұмыс істейді.
Айғақты зат ретінде ұсталғандардан 2 000 000 теңге тәркіленіп алынды. Күдіктілер кінәсін толықтай мойындап отыр. Екеуі де қамауда.