Жас нәрестені қоқысқа тастаған әйел іздестірілуде

370

Шымкентте жас нәрестені қоқысқа тастап кеткен әйел іздестірілуде. Еске сала кетсек, 2017 жылы 20 қазан күні Шымкент қаласындағы Абай полиция бөлімінің «102» пультіне бір мекеменің жұмысшыларынан хабарлама келіп түсті, онда Абай ауданының аумағындағы қоқыс алаңында әйел жынысты нәрестенің мәйіті табылғаны туралы көрсеткен.

Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша Шымкент қ. Абай полиция бөлімінің СДТБТ-не тіркелді. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Күдікті әйелді іздестіру мақсатында Абай полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылуда.

Шымкент қаласының полицейлері азаматтардан жас нәрестенің анасын табуға көмектесіп, осы жөнінде қандай да бір ақпарат біліп жатса, «102» телефонына хабарласуды сұрайды.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы