«Рухани жаңғыру» бойынша өңірлік жобалық кеңсесінің іс-шара жоспарына сәйкес облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық көлемде «Жігіт сұлтаны-2017» байқауы өтеді.
Байқаудың басты мақсаты халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі және әдет-ғұрпын насихаттау, жастардың біліктілігі мен шеберлігін сараптау болып табылады.
Байқау барысында жігіттер өз өнерлерін ғана көрсетіп қоймай, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға ат салысады, сонымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді. Жігіттердің тұрмысқа бейімділігін, үй шаруасына ептілігін байқау мақсатында түрлі ат ерттеу, қой қырқу, қамшы өру, қой іреу, қой мүшелеу, ет осу, етік шегелеу, мәсі тігу, құрал-сайман саптау, жылқы күзеу, тері илеу тапсырмалар беріледі.