Тәртіп бұзған көлік компанияларымен келісім-шарт бұзылады

Шымкентте қалалық қоғамдық көлік саласын дамыту мәселелері бойында қоғамдық тыңдау өтеді. Талқылау 1 қараша күні Әл Фараби ауданы әкімдігі ғимаратының үлкен залында өтпек. Қоғамдық тыңдауға қатысып, шаһардағы жолаушылар көлігін дамытуға қатысты талап-тілектеріңізді білдіруге шақырамыз.

Ұйымдастырушы — Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Мекенжайы: Тыныбаев көшесі, 49-шы үй. Басталуы сағат 11:00-де.