Қоғамдық қабылдау өтеді

502

Ертең 18 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізетінін хабарлаймыз.

Шараның мақсаты – өңірдегі қордаланған мәселелердің түйінін тарқатып, халыққа мейлінше қолайлы жағдай жасау. Қоғамдық қабылдауға Білім, Ішкі саясат, Дін істері, Мәдениет және тілдерді дамыту, Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармаларының басшылары қатысады.

Аталған салаларға қатысты шешімін таппай жүрген қандай да бір мәселеңіз болса, тиісті басшылар сіздерді тыңдауға дайын! Қоғамдық қабылдау сағат: 11:00-де басталады.

Қосымша ақпарат алу үшін 35-34-00 телефонына хабарласуларыңызға болады.