Ақсукент ауылындағы кейуана 7 жылдан бері туған қызы мен немересін үйіне қайтара алмай зар илеп жүр. Дүкендегі жұмысынан оралмаған қызы хат жазып кетіпті. Тіпті немересін де бірге алып кеткен. Пайғамбар жасынан асқан апа жанына жақын адамдарын «Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің өкілдері үгіттеп алып кетті деп отыр.
Көз жасы көл болған ана қазір қара басы қаңыраған үйде жалғыз қалдым деп налиды. Діни бірлестіктен зәбір көрген бұл жалғыз адам емес дейді тұрғындар.
Барно Юлдашева, Ақсу ауылының тұрғыны: «7 жыл болды кеткеніне. Бір кездері келген еді. «Үйге қайтып орал дегенімде «қайта алмаймын ол мүмкін емес. Бұл менің еркімде емес» деді».