Шымкенттік ақ халаттыларға азық-түлік себеті таратылды

176

Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында Шымкентте қайырымдылық акциясы жалғасуда. Өзге діни конфессиялардың өкілдері де игі бастамадан шет қалмады.

Олар бүгін денсаулық сақтау басқармасына қарасты емхана, аурухана, жедел жәрдем қызметін көрсету стансаларында жұмыс істейтін әлеуметтік тұрмысы төмен медбикелер, фельдшерлер, кіші медицина қызметкерлеріне, жалпы саны 140 ақ халаттыға азық-түлік себеттерін табыстады. Игі іске  мұрындық болған белсенділер  пандемия кезінде барлық ауыртпалықты көтере білген медицина қызметкерлеріне денсаулық, отбасыларының амандығын тіледі.

Рабиға ЖАМАНҚҰЛОВА, Шымкент қалалық №7 емхананың қызметкері: «Ораза айында  қолдау көрсеткен барша жерлестерімізге  алғысымыз шексіз.  Бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Біздің емханада көпбалалы, аз қамтылған  отбасылары бар  4 қызметкерді  іріктеп алдық, соларға  осы азы-түлік себетін табыс етеміз. Мүмкіндікті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, игі істеріміз мол болсын, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын».

Шынар Оразова