Қайталанбас үлгідегі ішік алғыңыз келсе, «Шубаманияға» келіңіз

551

Жаңа жылда ғажайыпқа сеніп, тосын сый күттіңіз бе немесе бағалы тонды армандап жүрсіз бе? Қиялдан іске көшіңіз. Мыңдаған былғарыдан тігілген тондар мен ішіктер, күртешелер, манто және жүздеген түрлі әшекейлер, ең стильді жағалы киімдер. Мұның барлығы — «Шубамания» жәрмеңкесінде. Қызығушылық танытқан шымкенттік қыз-келіншектердің талғамына сай мамандар да аянып қалмайды.

Жиһаз павильоны түсі келіскен тондарға толы. Бұлғын, қаракүзен, түлкі және қаракөл терісі. Талғамыңызға сай, кез-келген жасқа сай ішіктердің сан аулан түрін табуға болады. Мол таңдау мен классикалық және винтаж үлгісіндегі жағалы киімдер келушілерді қуантуда.

Былғарыдан тігілген, алайда заманауи үлгілердің қолтаңбасы түскен классикалық ішіктерді нәзік жандылардың жасы да, егдесі де таба алады. Тіпті бет келбетіңіз бен өңіңізді ашатын түрлі түстілері де бар. Бастысы мұндай таңдаулы ірі бағалы киімдерге қол жеткізген кез-келген жан өзін ерекше сезініп, жылулығын да сезіне алады.

Ксения, «Шубамания» жәрмеңкесінің әкімшісі:
— Біздің киімдер маусым сайын жаңаланып отырады. Дәл қазір қыстық маусымға арналған жаңа топтамалар сатылымда. Сапалы әрі бағалы киім аса қатты күтімді талап етпейді. Бар болғаны арнайы қапта сақтап, күйе көбелектен қорғайтын дәрі салып қойыңыз. Ұзақ уақытқа шыдасын десеңіз, жылыту пештеріне кептірмеңіз. Ал ішіктерді қолма қол сатып алар болсаңыз, жеңілдіктер жасалады. Сондай-ақ, 3 айдан 10 айға дейін несиеге және үстемесіз бөліп төлеуге болады.

«Шубаманияның » барлық өнімдеріне дәл осы жерде қол жеткізе аласыз. Әрі әр дизайнер үлгілерді қайталанбас пішінде тігеді. Ал мамандар сапалы ішіктерді бірнеше жыл бойы үстіңізден тастамай киесіз деп сендіріп отыр. Осындай мүмкіндікке қол жеткізгіңіз келсе, Темірлан тас жолы бойында орналасқан Әл Фараби сауда үйі жанындағы жиһаз павильонына асығыңыз.

Махаббат Абдешова