Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

450

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Осыған дейін облыс әкімінің қызметін 2013 жылдан бастап Кәрім Көкірекбаев атқарған болатын. Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. 1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі,

2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында — «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы, 2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылдың мамырына дейін — «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, 2016 жылдың мамырынан — ҚР ауыл шаруашылығы министрі, 2016 жылдың маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін атқарған.  Осы қызметке тағайындалмастан алдын ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.