Барымташылар ұсталды

417

ОҚО-да полицейлер жайылымда жүрген малдарды ұрлаған барымташыларды ұстады. ҚР Премьер-министрімен бекітілген «Қылмыстар мен құқықбұзушылықтың алдын-алу» бағдарламасын орындау мақсатында, ОҚО аумағындағы мал ұрлығы қылмыстарын ашу мен санын азайту үшін полиция қызметкерлері профилактикалық іс -шаралар өткізуде.

Тәжірибе көрсеткендей, мал ұрлығының орын алу себептерінің бірі — мал иелерінің өз мүлкіне деген немқұрайлықтарының салдарынан болып жатады. Барымташылар жайылымдарға малдарын қараусыз жібергенін пайдаланып жатады. Мал ұрлығы орын алған жағдайда, полицияға арызданбай өз күштерімен іздеп табуға тырысады.

Алайда, біршама уақыт өткеннен кейін қылмыс іздері жоғалып, қылмыскерлерді құрықтауда қиындықтар туындап жатады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар малдарына ен салу мен әрбір малға құжат жасатуға құлық танытпайды. Бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысатын барымташылармен күресу мақсатында полиция қызметкерлері жедел-тергеу топтары құрылды.

Мысалға, Шымкент қаласы Абай ауданында полицейлер аудан орталығы тұрғындарының малдарын ауладан және жайылымнан ұрлап кеткен қылмыстық топты ұстады. Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не оншақты жәбірленушілер арызданған, онда белгісіз тұлғалар үй жануарлары сиыр мен жылқыларын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Абай ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында 4 күдіктіні ұстады, олар 1996 және 1998 ж.т. ОҚО тұрғындары болып шықты. Тергеу барысында ұсталғандардың мал ұрлығының 10 жайтына қатысы бары анықталды. Полицейлер ұрланған малдарды заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстандық полицейлер мал иесіне барымташының құрбаны болмас үшін малдарын қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ таңба мен ен салуды және мал ұрлығы орын алса ішкі істер органдарына уақыт оздырмай хабарлауға кеңес береді.