«Бауырларына ренжіп, ара-қатынасты үзген адам тозаққа барады»

1408

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы «Сәуле» мешітінің бас имамы Әлижан Қалматұлы:

— Асыл дінімізде бауырмалдық, бауыр туралы,туысқандық туралы қандай уәждер айтылған?
— Жалпы мұсылмандарды, иман келтірген, Аллаға сенген, Пайғамбарына сенген пенделерін Құранда «Расында иман келтіргендер олар бір-біріне бауыр» дейді. «Бауырларыңның арасын жақсартыңдар. Егер олар бір-біріне ренжіп жүрсе, ыза кек болса онда оларды жарастырыңдар» дейді. Пайғамбарымыз осы бауырмашылдық, мұсылмандардың арасындағы мейір махаббат, сүйіспеншілікті жоғары деңгейге қойып, бағалаған. Пайғамбарымыздың ең алғашқы тәсілдері мұсылмандар бір-бірін Алла үшін жақсы көрсін деген ұранды алға тартқан. «Сендер иман келтірмейінше жәннәтқа кіре алмайсыңдар» дейді. Ал иманнан кейін бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше иман келтіре алмайсыңдар. Сендер соны іздеп жүретін, өзара бір-біріңе махаббатасатын, сүйіспеншілік орнатаны бір нәрсеге жолдайын ба» десе сахабалар айтыңыз дейді. «Араларыңда сәлемді жайыңдар» дейді. Яғни, «Ассалаумағалейкум» деген бір ауыз сөз екі мұсылманның арасында жек көрушіліктің жоқ екенін дәлелдейді. Содан кейін иман пайда болады. Иман пайда болғаннан кейін жәннәтқа түсуге себеп болады екен.
— Бауырлардың арасындағы міндеттері, бір-бірінің алдында өтеп жүруі тиіс қарыз- парыздары бар ма?
— Әрине, иман келтірген момын мұсылмандардың өтеп жүруі тиіс хақ, құқықтары туралы Пайғамбарымыз айтады «Мұсылманмен мұсылманның арасында 6 ақысы бар» дейді. Біріншісі, кездесіп қалсаң сәлем бер, ол жауап бермесе оның иығындағы періштелер жауап береді екен. Сені щақырса жауап бер, үйіне шақырса бар, телефонмен шақырса да кейбіреулер басып тастап алмай жатады. Бұл да оның қақысына қиянат жасау. Насихат сұраса насихат айту. Түшкіргеннен кейін «Алхамдулуллаһ» деу, яғни, Алла жар болсын дейді. Осы сөздерді айту міндет. Ауырып қалса барып көңілін сұрау. «Алла шипа берсін, Алла сені есіне алайын деген екен. Иншалла күнәлардан пәктелесің» деу. Аурудың өзі қаншама күнәлардың жойылуына себеп қой. Соны айту. Егер дүние салатын болса оның жаназасына қатысу мұсылманның ақысы. Бұл жалпылама мұсылмандардың өтеп жүруі тиіс хақ, құқықтары болып есептеледі.
— Достықтың қандай да бір шарттары бар ма?
Құдай үшін біреуді жақсы көру… Бұл жерде теңдік шарттары — оның дүниесі, мансабы үшін жақсы көру емес. Дүние ешкімге жолдас болған емес. Бұл жердегі шарт Алла үшін жақсы көру керек. Пайғамбарымыз айтады «Мұсылман адамдар дос болушы, достыққа таңдалушы дейді. Дос болмаған, достыққа таңдалмағандарда жақсылық жоқ. Дос деген сөздің өзі адамның көркем мінезінің жемісі. Егер мінезіңіз көркем болмаса сізбен достыққа ешкім ынтық болмайды. Сіз достыққа таңдала алмайсыз.
— Дос арасында бауырмалдықты сақтаудың жолдары бар ма? Реніш, өкпе болады дегендей…
Әрбір адам баласы қателеседі. Сол қателескендердің ішіндегі жақсысы, ең қайырлылары тәубесіне келгендері. Мұсылман адамдар тәубе қылады. Тәубе қылу оралу ғой. Мұсылман адамды Пайғамбарымыз бір үйірден бағулы тұрған жерінен босанып, жібін үзіп кеткен айғырға ұқсатады. Азғындап, шауып, шауып жемқалтасына қайтып оралатын айғырға ұқсатады. Адам баласы да намаз оқып жүріп те кейде өтірік айтып қояды, арақ ішіп қоятындар да бар. Соны бірден кесіп тастамайды екен. Оның қайтуын күтеді. Адам арақ ішіп жүрсе, оның қақысына дұға етеді оны тура жолға сал деп. Әрбір адам өзіне қарасын. Өзінде бір кемшілігі болса, досын да, бауырын да өзіндей көрсін. Кемшілік атаулыдан пәк тек Алла екенін ұмытпасын. Адам баласының бәрінде кемшілік бар. Кемшілікке пендеміз ғой бәріміз десе достық сақталады, бауырмалдық сақталады. Пайғамбарымыз «сендер Алла Тағаланы және мені бүкіл нәрседен артық жақсы көрмейінше, имандарың толық болмайды, ал басқа мұсылман бауырлдарыңды тек Құдай үшін жақсы көрмейінше имандарың толық болмайды» дейді. Құдай үшін жақсы көрген соң оның кемшілігне көзді жұма қарайсыз.
— Бауырлар ренішкен жағдайда кім кешірім сұрауы қажет?
— Ағалы, інілі екі сахаба ұрсып қалады. Ағасы «менен інім келіп кешірім сұрасын» деген мақсатта жүзін бұрып ренжіп тұрған уақытта «менен кешірім сұрасын» деп інісі хат жазады екен. «Жасың кіші, неге сен сұрамайсың?» дегенде інісі «кім бірінші кешірім сұраса сол жәннәтқа кіреді» деген екен. Сіздей бауырым тұрғанда сізді жәннәттың есігіне бұрғаным еді» депті… Бауырларына ренжіп, ара-қатынасты үзген адам тозаққа барады.