Ретсіз сауданы тоқтатып, заманауи орталықтар салуды бастау керек. Бұл мәселенің аудан әкімінен бастап өңір басшысының назарына іліккелі қашан. Осыны ескерген Шымкенттегі ірі сауда орталықтарының бірі «Шымкент Бекжан» кешенінің басшылығы жаңаша форматта қызмет көрсетуді қолға алғалы отыр. Онда сауда қатарлары тиісті талаптарға сай өзгеріп, келушілерге ыңғайлы жағдай жасалады.

«Бекжан» базары жаңа форматта қызмет көрсетпек

Темірлан тас жолы мен Алматы күре жолының қиылысында орналасқан «Бекжан» сауда кешені 80 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Сауда орталығы 3 бөліктен тұрады. Кез-келген клиент бұл жерде ең қажетті деген тауарларды сатып ала алады. Азық-түлік, киім-кешек, аяқ киімдер сатылатын сауда қатарлары негізгі бөліктерді құрайды. Жуырда «Бекжан комфорт» деген атаумен тағы бір жаңа блок келушілерге есігін айқара ашпақ.

«Бекжан» базары жаңа форматта қызмет көрсетпек

«Бекжан комфорт» үшінші блогының аумағы 20 мың шаршы метрді алып жатыр. Мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті материалдардың, құрал-жабдықтардың барлығы бар. 4 мың шаршы метрді алып жатқан «BULAK» сантехника гипермаркеті де осында орналасқан. Әлемдегі түрлі 50 зауыттың дистрибьютері отандық нарықта 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Дмитрий Подубный, «BULAK» сантехника гипермаркетінің директоры: «Біздің негізгі мақсатымыз – тұрғындарға жоғары сапалы өнімдерді қолжетімді бағада ұсыну. Мұның барлығын да бір жерден яғни, біздің орталықтан табуға болады. Сантехника өнімдеріне өндіруші зауыт өкілдері кәсіби кеңес береді, үйге дейін жеткізіп әрі құрастырып береміз. Сондай-ақ, бізде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шомылу бөлмелеріне арналған өнімдер де бар».

Ал жұртшылық «Бекжан комфорт» блогы толықтай ашылмай жатып, мұнда сауда жасаудың ыңғайлы екенін айтады. «Бекжан» сауда үйі жаңа блоктың ашылуын ақпан айына жоспарлап отыр. Салтанатты шарадан ешкім тарту-таралғысыз кетпейді,- дейді кешен басшылары.

Мақпал Рысбаева

Жарнама негізінде.