Шымкентте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тағы бір кеңес орталығы ашылды

276

Шымкентте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тағы бір кеңес орталығы ашылды. Енді осы төңіректе тұратын, жұмыс істейтін азаматтар қаланың орталығына бармай-ақ депозит ашу, баспаналы болуға арналған бағдарламалар жайлы мамандардан кеңес ала алады.

Бұл «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкенттегі 6-шы кеңес орталығы. Ашылу салтанаты барысында баспаналы болған салымшыларға «Алғыс хат» пен сыйлықтар табыс етілді. Гүлмира Хақымбекова банкте жинаған қаржысын тиімді пайдаланғанын айтады. «Мен екі рет депозит ашып біріншісінде баспаналы болдым. Екіншісінде жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына жұмсадым» дейді.

Тұрғын үй жинақ банкіндегілердің жаңа орталықты базар аумағынан ашуы кездейсоқ емес. Айтуларынша, коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин режимі кезінде кезектерді азайту, қолжетімді қызмет көрсету мақсатында осындай шешім қабылданған.

Нұрлан СҰЛТАНОВ,  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шымкент қалалық филиал басшысының орынбасары: «Бұл кеңес беру орталығында 4 кеңесші қызмет көрсетеді. Егер де адам көп болып жатса,  толықтырамыз».

Кеңес орталығы «Бекжан» базары ғимаратының бірінші қабатында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанында орналасқан.

Шынар Оразова