«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы Әлеуметтік төлеуді ведомоствоаралық есептеу орталығының ОҚО филиалы директорының орынбасары Несібелі Қаражанова:
— Жақын күндері зейнеткерлер жаңа тағайындалған зейнетақыны алады. Жаңа жылда қандай өзгерістер бар?
— Жаңа жылда барлық көрсеткіштердің өсуіне орай зейнетақы, жәрдемақы төлемдері қайта индекстеледі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 8 пайызға, қалған барлық әлеуметтік төлемдер 6 пайызға көтерілді. Мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 16 пайызға өсті. Былтыр ең төменгі зейнетақы көлемі 28 148 теңге болса, биыл 33 745 теңге болды. Базалық зейнетақы былтыр 12 802 теңге болса, 1 шілдеде 14 466, енді биылдан бастап 15 270 теңгеге көтеріліп отыр. Базалық зейнетақы былтыр 45 мың болса, 1 қаңтардан бастап 49 019 теңгені құрайды. Бұл еңбек зейнетақысы мен базалық зейнетақыны қосқандағы ең төменгі зейнетақы көрсеткіші. Жұмыс істеп зейнетақы қорына аударған азаматтардыкі 1 шілдеде 104 374 теңге болса, енді 1 қаңтардан бастап ең төменгі айлық көрсеткіштің өсуіне (2 405 теңге) байланысты 111 мың теңгенің есебінен есептеледі. 1 қаңтардан бастап әйел азаматшалардың жасына байланысты өзгерістер бар. 1960 жылы туылған әйелдер болса, бұрынғы заң бойынша 58 жаста зейнеткерлікке шықса, ендігі заң бойынша 58 жас 6 айда шығады. Биыл 2018 жылдан бастап әр жылда 6 айға көтеріледі де, 10 жыл ағымында ер кісілермен қатар зейнеткерлікке 63 жаста шығатын болады. 53 жаста зейнеткерлікке шығатын көп балалы аналар, 1949 және 1963 жыл аралығында семей полигонында кемінде 5 жыл тұрған азаматтар болса, әйелдер 45 жаста, ер кісілер 50 жаста зейнеткерлікке шығады. Оларға жас көтерілуі қолданылмайды.
— Зейнетақыдан бөлек көпбалалы отбасыларға, бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырған аналарға қосымша төлем болады ма?
— Әйел азаматшалар жұмыс істеп, сақтандыру қорының қатысушысы болса жүктілігіне және босануына байланысты төленеді. Бір жолғы жәрдемақы жұмыс істеген, істемегеніне қарамастан беріледі. 1 жасқа дейінгі бала күтімінде зейнетақының 40 пайыз есебінде беріледі.