Кентауда тұрғын үйде болған өрттен 17 адам құтқарылды

403

Кентау қаласындағы көп қабатты үйде пәтер өртенді, деп хабарлайды inform.kz ОҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрт 36,5 шаршы метрді шарпыған. Оны сөндіруге 6 адам және екі техника жұмылдырылды. Оқиға орнында 20 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 17 адам құтқарылды», — делінген хабарламада.

Дәрігерлер оларға қажетті көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері тексеріліп, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.