Еліміздің даму жолын тағы бір бағдарлап, Жолдауын арнаған Елбасына күнгейдің халық қалаулылары сый-құрмет көрсетті. Бүгін облыстық мәслихат депутаттары Шымкенттегі Астана даңғылын Президенттің атымен қайта атау туралы ұсыныстарын жеткізді.Сондай-ақ, осы басқосуда облыстың бюджеті нақтыланып, басымдық беріліп отырған салалар тағы да сүзгіден өтті.
Алдымен халық қалаулылары нақтылап бекіткен өңір бюджетіне тоқсалсақ. Әлеуметтік құрылым мен білім саласы әдеттегідей басым бағыттар болып табылып отыр. Қаражаттың қомақты бөлігі биылдан бастап қолданысқа енгізіліп отырған жаңаша форматтағы атаулы әлеуметтік көмеке жұмсалмақ. Апатты мектептер мен үш ауысымдағы білім ошақтарының жайы да басты назарда. Биыл бұйыртса облыстағы түйіткілді 7 ғимараттың түйіні тарқатылғалы отыр.
Осыдан бес жыл бұрын Елорданың туған күніне қарсы Шымкентте Астананың есімін иелеген жаңа даңғыл пайда болғаны есте. Бұл даңғылы ескі және жаңа Шымкентті біріктірген ірі магистральдардың біріне айналды бүгінде. Халық қалаулылары шаһардағы көрнекті даңғылды еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атымен атауды ұсынып отыр.
Даңғылдың атауына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынысын сессия отырысына қатысқан депутаттардың барлығы бір ауыздан қолдады. Егерреспубликалық ономастикалық комиссия оң шешім шығарса, Шымшаһарда да Елбасы есімімен аталатын даңғыл пайда болатын күн де алыс емес.
Мақпал Рысбаева