Астана: Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті жұмысын бастады

20
фото СІМ

Астанада бес елдің президенті Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитіне жиналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Ердоғанға алғыс айтып, Түркияның құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтады. Әрі қарай Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті ел іргесін бекемдегенімен құттықтап өтті.

«Қадірлі Ильхам Әлиев мырзаны және бүкіл Әзербайжан халқын ел бекемдеуімен құттықтаймын. Сіздің еліңіз аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, дамудың жаңа тарихи дәуіріне қадам басты. Осы тарихи қадам Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына және Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес жүзеге асты», – деді Тоқаев.
Мерейтойлық саммитке Түркия президенті Реджеп Ердоған, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев келді. Ұйымға бақылаушы мәртебесімен кірген Түрікменстаннан Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, ал Мажарстаннан осы елдің премьер-министрі Виктор Орбан қатысып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, осы жолғы саммиттің күн тәртібі тығыз. Экономика, сауда, көлік, кеден жобаларына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауы қажет. Түркі мемлекеттерінің көшбасшылары Газа секторындағы мәселе бойынша мәлімдеме жасауы да мүмкін.