«Сәукеле – қызды ұзатқанда сау келе жатыр деген мағынаны білдіреді»

748

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы, академик, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асма Қалыбекова:

— Әңгіменің әлқиссасын қыз тәрбиесінен бастасақ…

— Қыздың тәрбиесіне қазақ үлкен мән берген. Қыз ұлтты тәрбиелейді, демек ел тәрбиесі отбасынан басталады. Анасына, әжесіне қарайды. Бүгінде қыз тәрбиесінде кемшілік көп. Тәрбиеге көп мән беріп жатқан жоқпыз. Оған арнайы оқулықтар шығарып жатырмыз. Ал білім мен тәрбие егіз ұғым. Егер дұрыс тәрбие бермесек білімнің қажеті шамалы. Ең алдымен тәрбие беру керек. Отбасында әкенің де, шешенің де үлкен ролі бар. «Шешесіне қарап қызын ал» деп бекер айтпаған. Ата-бабаларымыз еңбек тәрбиесіне көп мән берген. Егер осы тәрбиені дұрыс алса адамгершілігі мол, көргенділігі көп болмақ. Рухани байлық, салт- дәстүрлеріміз, тіл байлығымыз мол. Басқа халықта ондай жоқ. Бала туыла салысымен шілдехана басталады. Бесікке салу, тұсауын кесу, ана дүниеге кеткенше дәстүр жалғаса береді. Болашағымызға әсіресе қыздарға еліміздің қасиетін, рухани байлығын, салт-дәстүрін үйретуіміз керек. Ары қарай жалғастыруымыз керек. Ана қандай тәрбие береді, ене үйретеді, қалай жүру керек, қалай тұру керк? 13-ке келген қыз оо бойжеткен қыз болып саналады. Жыныстық жетілу басталады. Мүшел жас деп әрбір 12 жасты бекерге бөліп қарамаған. Оны қазақ философиямен, психологиямен, физиологиямен байланыстырған. 25-ке келгенде қыздың келбетінен әрі тая бастайды. Өссі, жетілуі бітеді. 37-ге келгенде психология бойынша өте қиын уақыт. 49-ға келгенде пороцесс бітеді. Ұрпақ жалғастыру қабілетінен айырылады. Қаза адамның дамуын, физиологияны өте жақсы білген. 13-ке келген қызға кішігірім той жасап, жеңгелері, әпкелері ақыл, беріп, сенім дәнін сепкен. «Сен 13 — ке келдің, енді секірмейсің, жүгірмейсің. Мына үйдің қызы өсіп қалыпты ғой. Үлкен абырой атаққа жетіп қалыпты ғой деп, көзқырын салады» деп ақыл кеңес береді. Әжесі батасын беріп, шашбау тағады, «секірсең, жүгірсең сыңғырлап білініп тұрады. Сондықтан да бойжеткен қызсың салмақты, салиқалы болуың керек» дейді. Қолына жүзік, білегіне білезік тағады. «Саған жұғысты болсын, мың бір бәледен, жүз бір қатеден сақтасын» дейді. Қыз әрине бойжеткеннен кейін салмақты болуы керек. Шошақай болмауы керек. Үлкеннің жолын кеспеуі керек. Қазақтың шаңырағынан бастап қалай кіру керек, қалай амандасу керек, келін қай жерде отырады, шәйді қалай құю керек осының бәрінде үлкен мән, мағына жатыр.

— Ас үй, еңбек мәдениетін 13 жасқа дейін меңгеруі керек пе?

— Ия, анасы мен әжесі құлағына құйып өсіруі қажет. Ол бір жағынан жанұясындағы тәрбиеге де байланысты. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтылмаған. Шешесінен жақсы тәрбие көрсе қай әулетке барса да оны ары қарай жалғастырады. Қызды ұзатайын деп жатқанда басына сәукеле кигізеді. Сәукеле деген сау қыз болып бара жатыр деген мағынада, «анау әулетке ырыс, пейіл, бақыт алып бар, енең мен атаңның батасын ал» деп шығарып салады.