«Қызға қырық үйден тыйым»

643

Ерте жастағы жүктілік белең алып барады. Мектеп партасында отырып екіқабат болатын оқушы қыздардың саны жаға ұстады. Жыл басынан бері жеті оқушы жүкті болған. Бұл – ұлтқа түскен дақ. Осыны ескерген қалалық білім беру бөлімі тәрбиені қатаңдатып, ата-ана жауапкершілігін арттыру үшін түрлі шаралар ұйымдастыруда.

001

Бүгін қаламыздағы №24 мектеп базасында «Қыз баласы – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты семинар өтті. Шараға барлық мектептерден оқушы қыздар және олардың ата-аналары қатыстырылды. Облыстық салауатты өмір салтын сақтау орталығының мамандары келіп, кеңестерін берді.

Түрлі тақырыпта ашық сабақтар өтті. Заманауи қыздың бүгінгі бейнесін жасөспірімдер өздері талқылады. Бағасын берді. Қорыта келгенде Қазақ тәрбиесіндегі қызға қырық үйден тыйым жалғасын табуы тиіс деп шешті. Сонда ғана еліміздің есті ұрпағын тәрбиелейміз деп түйді жиналғандар.