Әл-Фараби ПБ-не 1997 ж.т. Шымкент қ. тұрғыны арызданған, ол өз арызында 25 желтоқсанда кешкі уақытта саябақтардың бірінде белгісіз азамат күш қолданып ашықтан — ашық сөмкесін тартып алып кеткенін көрсеткен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 191- бабы қылмыстық іс тіркелді.
Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында алдын сотты болған 1981 ж.т. Мақтарал ауданының тұрғынын ұстады. Тергеу барысында анықталғаны, күдікті сол күні мас күйінде саябақта жәбірленушіні көріп күш қолданып, мойнынан тұншықтырып сөмкесін тартып алған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 20 мың теңгедей болып отыр. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұсталған күдіктінің Ақтөбе облысындағы қылмыстық іске қатысы бары анықтады. Күдікті қамауда. Айғақты заттар тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша «тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.