Шымкентте әскери қызметші 3,5 млн теңге жымқырған

428

Шымкент гарнизонының әскери соты алаяқтық жасады деп айыпталған әскери қызметшіге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды inform.kz ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушы қызметін пайдалана отырып, жәбірленушіге әскери бөлімшелердің біріне бейнебақылау камераларын орнату бойынша мемлекеттік сатып алулар тендерінің өткізілетіні жайлы айтқан. Ол тендерге қатысу үшін 3,5 миллион теңге мөлшеріндегі кепілдік жарнасын төлеу қажеттігіне сендірген.

Әскери қызметші ол қаржыны өзі алып, жеке басының қамы үшін жұмсап жіберген. Сотта айыпталушы өз айыбын мойындап, жәбірленушіге алған ақшасын қайтарды. Сот оны шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.