Шымкенттік жастар Әлем чемпиондарынан кеңес алды

477

Бүгін үш бірдей спорт шебері ізбасарларымен ой бөлісті. Бокстан Әскерилер арасындағы Әлем чемпионы Олжас Байниязов, дүниежүзілік доданың жүлдегері Ержан Жомарт пен Бекдаулет Ибрагимов те Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатының түлектері.

Осында жаттығып, бокстағы алғашқы жеңістеріне осы шаңырақтың ұжымымен бірге жеткен. Бүгінде олар өскелең ұрпақпен кездесіп, кеңестерімен бөлісті. Жерлестеріміз сұрақ жауаппен ғана шектелмеді. Теория жүзінде айтылған кеңес кейіннен ринг төрінде тәжірибе жүзінде нақтыланды.

Олжас, Ержан және Бекдаулет бапкерлік рөлмен де танысып қайтты. Спортта дарынды балаларға арналған интернаттың шәкірттері жуырда ғана Республикалық жарыстан оралған болатын. Екібастұзда өткен Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша Әбдікерім Әбдіғалым жеңімпаз атанды. Оларды Ұлттық құраманың мүшелері арнайы құттықтап өтті.

Сарбиназ Алдабергенова