Төлеби ауданында екі адам газдан уланып қайтыс болды. Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының Шымкенттегі филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Күні кеше 12- лер шамасында Біркөлік ауылының 22 жастағы екі тұрғыны газдан уланып қайтыс болған.
Ал табиғи отыннан уланып, ауруханада жатқан екі жеткіншек бүгін есін жиды. Науқастардың беті бері қарап, жағдайлары тұрақтанған. Дəрігерлер бүгін оларды жансақтау бөлімшесінен балалар бөлімшесіне ауыстырды.
Осыған дейінгі жаңалықтарымыздың бірінде 15 қаңтар күні Шымкент қалалық №1 ауруханасына табиғи газдан уланған үш баланың жеткізілгенін айтқан болатынбыз. Бір үйдің үш перзентінің бірі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Дәрігерлер 8 және 5 жастағы балалардың өмірін сақтап қалды.
Ағайындылар ауруханаға өте ауыр халде, кома жағдайында жеткізілген болатын дейді аурухананың бас дәрігері. Айта кетейік, облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері облыста газдан уланған 4 адам қайтыс болып, 3 адам зардап шеккен.