Жүргізуші өз көлігінде тірідей өртеніп кете жаздады

425

Көлік жүргізушісі өз көлігінде отқа оранды. Шымкент-Ташкент тас жолында келе жатқан камаз көлігінен өрт шығып, рульде отырған 36 жастағы азаматты күйік шалған. Оқиға орнына келген төтеншеліктер жалынды дер кезінде сөндіріп, жүргізушіні аман алып қалды. Алайда, оқыс оқиға кезінде азаматтың қолы мен бетін күйік шалған. Жедел жәрдем қызметкерлері жүргізушіні ауыр халде ауруханаға жеткізді.

Нұрдаулет Молданиязов, ОҚО ТЖД бас маманы » Түнгі сағат он екілер шамасында Ташкент-Қызылорда тас жолында жүк көлігі өртенген. 1971 жылғы азаматтың 25 пайыз денесін күйік шалған. Өрт сөндіруге бір техника мен төрт жеке құрам жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда».  Дәрігерлер күйік шалған азаматтың жағдайы біршама жақсарды дейді. Қазір тергеушілер өртенген техниканы тексеруде. Жүргізушінің өзінен түсініктеме алынды. Абырой болғанда, көлікте одан бөтен шекім болмаған.